Сипаттамасы
М. Әуезовтің «Қилы заман» романында қазақ даласын кеңінен шарпыған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің Жетісу жеріндегі алапат оқиғалары баяндалады. Көрнекті қаламгер саяси ахуалдың шиеленіскен шағында қазақ елінің ар-намысы үшін күрескен ерлердің, би-шешен, батыр, бай, болыс, көнекөз қариялар мен жастардың ой-әрекетін, іс-қимылын суреттейді. Отарлаушы үкіметтің қазаққа ғана емес, басқа да отар халықтарға, тіпті адамзатқа жат саясатын әшкерелеп, адамгершілік-әділеттілік мәселелерін әлеуметтік-қоғамдық ахуалдармен байланыстыра көркем баяндаған.
Кітап барша оқырман қауымға арналады.

