Әлем бойынша жеткізу

Менің сүйікті Альбинам, Қази Данабаев

2 000

Кітаптарын оқығанда жаның жадырап, өзіңді сол оқиғаның ішінде жүргендей ерекше сезінетін жазушылар бар. Қазақ балалар әдебиетінде ондай классиктер кімдер десек, бірден Бердібек Соқпақбаев пен Сайын Мұратбеков еске түседі. Ал осы классикалық үрдістің жалғасы Қази Данабаев есімі көпшілік оқырман үшін беймәлім екені рас. Шығармалары мөлдір шықтай таза, шынайы, оқыған сайын жаныңды тазартады. Жазушының осы жинаққа енген әңгімелері – балалығы мен даналығы қатар өрілген, көбіне ауыл өмірінің қоспасыз суреттерінен тұрады.

SHARE

Сипаттамасы

Әдебиет әлеміне ең алғаш өлеңмен келіп, кейін прозаға бет бұрған Қази Данабаевтың әңгімелерінен ауылдың бейнесін көреміз. Ауыл адамдарының тыныс-тіршілігін, олардың ақ-адал көңілін жеңіл тілмен жеткізе білуі қаламгер Қази шығармаларын ерекшелендіріп тұратындай.

Осы жинақтың атауына негіз болған «Менің сүйікті Альбинам» әңгімесінде бозбаланың бойжеткенге деген белгісіз іңкәр сезімі нәзік лиризммен суреттелген.

Кітап барша әдебиетсүйер қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST