Сипаттамасы
Белгілі қаламгер, көрнекті суретші әрі табиғат зерттеушісі Эрнест Сетон-Томпсон әлем әдебиетіне хайуанаттар тақырыбындағы жаңа реалистік бағыт алып келді. Оның қаламынан туған хикаялар табиғатты қорғауға, айнала қоршаған ортаны аялауға баулиды. Оқырманның танымын кеңейтіп, жануарлар әлемімен таныстырады. Қолыңыздағы жинақта жазушының осындай бірқатар әңгімелері топтастырылды.
Кітап жас жеткіншектер мен барша оқырман қауымға арналады.

