Сипаттамасы
Асқар Сүлейменов – жазу стилімен, айшықты тілімен, тың идеясымен өзге жазушылардан оқшауланып тұрады. Қаламдас жазушылардан айрықшалануына оның өнердегі, әдебиеттегі модернизмді жетік меңгеруі әсер етті. Қолыңыздағы кітапта берілген «Бесатар» повесі – қазақ әдебиетіндегі модернизмнің алғашқы мысалдарының бірі. Сөз өнері мен тарихты ұштастырған бұл повесте 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің шындығы көркем жеткізілген.
Кітап барша әдебиетсүйер қауымға арналады.

