Сипаттамасы
Ф. Достоевский – адамзаттың көркем танымын кеңейткен әлемдік деңгейдегі бірегей жазушы. Ол әр шығармасында адамның сан қатпарлы жан дүниесін ақтара жазды. Әрбір туындысында оқырманды өзінің ішкі әлемімен бетпе-бет кездестіріп, өзінің жазушылық шеберлігінің кең құлашты екендігін көрсете алды.
Қаламгердің өзі «сентиментальды роман» деп атаған бұл «Ақ түндер» атты повесі – оның озық үлгідегі поэтикалық шығармаларының бірі.
Сырлы сезімге толы бұл кітап қалың көпшілікке арналады.

