Әлем бойынша жеткізу

Қажымұрат, Лев Толстой

1 900

«Тізерлеп өмір сүруден тік тұрып өлгенді» тәуір көретін тау халықтары туралы әдебиетте аз жазылмаған шығар. Бірақ, олардың қай-қайсысының да, әлі күнге дейін барша әлем оқырмандары жата жастана оқитын Толстойдың «Қажымұратынан» бәсі жоғары дей алмайсыз. Иә, өзі отаршыл елдің ұланы бола тұра шығармашылығына шындықты арқау еткен абыз жазушы «Қажымұратта» арлы батырдың асыл қасиеттері шебер сомдалған.

Қажымұрат – тарихи тұлға. Ширек ғасыр орыспен тірескен имам Шәмілдің жауынгер серігі. Ажалы орыстардан болған сардардың бассүйегі бүгінде Кунсткамераның қоймасында екен. Алайда, Толстой сомдаған сайыпқыран Қажымұраттың образы күні бүгінге дейін әлем сахналарында кино да, спектакль де болып қойылып, опера да болып шырқалып келеді. Орыс режиссері Георгий Данелияның: «Менің ең сүйікті кітабым – Толстойдың «Қажымұраты». Кейіпкерлері күндіз ойымнан, түнде түсімнен шықпайды» дегені тәрізді ұлы туындыға тағзым толастамақ емес.

SHARE

Сипаттамасы

«Қажымұрат» – әйгілі суреткер Лев Толстойдың көпшілік оқырманның ыстық ықыласына бөленіп, жоғары бағасын алған шығармаларының бірі. Тіпті жазушының ең әйгілі «Анна Каренинасынан» осы повесті биік қоятын оқырмандар да көп.

Шығарманың бас кейіпкері Қажымұрат өмірде болған, авар батыры. Кавказ жерінде әскер қатарында жүрген кезінде жазушы Қажымұрат оқиғасына қанық болады. Жазушының көзі тірісінде нүктесі қойылған бұл туынды Толстой өмірден өткен соң баспа бетін көрген. Сөз өнерінің жауһарына айналған «Қажымұрат» қай дәуірде де өзекті.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST