Әлем бойынша жеткізу

Жас жігітке өмір туралы ашық хат, Андре Моруа

1 700

Қолыңыздағы кітапты төрткүл дүниенің оқырмандары даналық кітабына теңеп тастағанына да жарты ғасырға жуық уақыт өтіпті. Сөйте тұра француз суреткері, дәлірегі ғұмырнамалық роман жанрының шебері Андре Моруаның алтын асықтай өмірлік кеңестерінің салмағы уақыт өткен сайын артып келеді. Оған зәредей күмән жоқ.

Бозбалаға бағытталған ашық хат бола тұра бұл кітапты оқыған жас пен жасамыстың да, өмірде өз орны бар кексе кісінің де алары мол. Өмірден алынған өсиеттердің баяндалу тәсілі де шынайы һәм нанымды. Бәлкім біреулерге ескірген тәрізді көрінетін пікірлердің шын мәнінде өлмес құндылықтарға табан тірейтініне куә.

Шын мәнісінде Моруаның бұл еңбегі – «Әттең-ай, неге ертерек қолыма түспеді екен?!» дегізбей қоймайтын кітап. Кітап емес-ау – өнер, өнер болғанда да кеңесу, сұқбаттасу өнері!

SHARE

Сипаттамасы

Келімді-кетімді дүниеде көкірегі қазынаға толы қарияның жас буынға айтары қашан да көп. Қолыңыздағы кітапта жасы сексенді алқымдаған қарт жиырмадағы бозбалаға өмір сүрудің формуласын көрген-білгеніне сүйене отырып баяндап береді. Француз классигінің эпистолярлық жанрдағы бұл шығармасы қанаты қатая қоймаған жас буынға өмір жолында бағыт-бағдар болары анық. Әлем оқырмандарына кеңінен таныс бұл шығарма алғаш рет қазақ тіліне аударылып отыр.

Кітап ойлы жастарға және барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST