Әлем бойынша жеткізу

Робинзон Крузо, Даниель Дефо

2 800

Бұл роман ағылшын әдебиетіндегі бірінші шынайы роман болып есептеледі. Жазылғанына үш ғасыр болған. Содан бері әлем әдебиетіне қосылған жазушылардың барлығы дерлік осы романды оқып өскен. Лермонтов, Руссо секілді жазушылардың шығармаларында кейіпкерлер осы шығарма туралы ой қозғайды. Толстой «Робинзон Крузоны» жақсы көргені сонша – оның бір бөлігін аударып, журналға бастырған екен. Ол Робинзонға «дені дұрыс адам» (нормальный человек) деп баға берген. Толстой өзі де таңнан кешке шейін жазу жазып, бақшасының жұмыстарымен айналысып, хаттарға жауап беріп, арасында етік тігіп, тыным таппай өмір сүруге тырысқанда Робинзон секілді дұрыс адам болуға ұмтылған болса керек.

SHARE

Сипаттамасы

Ағылшын жазушысы Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» атты романы — күллі әлемге танылған әйгілі шығарма. Шытырман оқиғаға толы романды оқығанда құдды аңыз оқып отырғандай күй кешесің. Бірақ роман желісінде шотланд теңізшісінің шынайы өмірде бастан кешкен шытырман оқиғалары бар. Сонысымен де роман өте қызықты.

Романның К. Чуковский аударған нұсқасын қайта тәржімалап, назарларыңызға ұсынып отырмыз. Кітап балалар мен барша әдебиетсүйер қауымға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST