Әлем бойынша жеткізу

Ай мен Айша, Шерхан Мұртаза

4 300

Күрделі емес – қарапайым, ойдан шығарылмаған – өмірден алынған. Бұл – «Ай мен Айшаның» сипаты, әрі артықшылығы.

Қиын кездер, азапты замандар кейінгі ұрпаққа бейбіт күнді, берекелі тіршілікті бағалауға, айналасын одан сайын гүлдендіре түсуге ұмтылдыруы керек. Әйтпесе өткенін ұмытқан адам қолда барын қадірлеуден қалуы мүмкін. «Ай мен Айша» романы ХХ ғасырда қазақтың басынан өткен алмағайып уақыттардан сыр шертеді.

Балалық шақтың мұңлы сарыны құлағында қалған, соны осылай роман арқылы шығарған Шерхан Мұртазаның жан сырын бөлісемін десеңіз, мәрхаббат.

SHARE

Сипаттамасы

Мылтықсыз майданның батырына айналған Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айшасы» талайды таңдандырған шығармалардың бірі. Шығармаға арқау болған жазушының балалық шағы болса, ал бас кейіпкері – анасы Айша. Айша ананың жарының аманаты – балаларын жеткізу жолында кездескен қиындықтарды қалай еңсергенін, жігерін жанып тұрып қалай алға ұмтылғанын оқи отырып, күйінесіз де, сүйінесіз. Алыптың анадан туатынын сөзсіз мойындайсыз. Шерхан болмысының өрлігі мен биіктігінің сырын түйсінесіз.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

 

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST