Әлем бойынша жеткізу

Ел шетінде, Сомерсет Моэм

2 700

Бұл кітапта есімі әлемге мәлім ағылшын жазушысы Сомерсет Моэмнің таңдаулы тоғыз әңгімесі мәшһүр қаламгер Мұхтар Мағауин аудармасында беріліп отыр. Моэм әңгімелері адам жанының ішкі иірімдеріне терең бойлауымен ерекшеленеді. Жазушы өзі туралы «бойым тәпелтек, төзімді, бірақ әлсіздеу болдым; сөйлегенде көп тұтығып қалушы ем, ұялшақ әрі денсаулығым да мәз болмады. Спортқа да әуесім болмады, мүмкін осы себептерден бе екен, мүмкін туа біткен әдет пе – мен адамдардан бөлініп мүлде саяқ жүрдім» дейді. Қалай болғанда да жазушының қолдарыңыздағы классикалық үлгідегі әңгімелерінен оның ішкі әлеміндегі арпалысты, балалық тағдырлы күндерімен нәзік байланысты түйсікпен сезінгендей боласыз.

SHARE

Сипаттамасы

Сомерсет Моэм – әлемге әйгілі ағылшын жазушысы. Көптеген роман, драмалық шығармалар, эссе, жолжазбалар авторы. Әсіресе көркем әңгіменің шебері ретінде танылған. Әрқилы тағдыр, төтенше оқиғалар қандай да оқырманды баурап алады. Мұхтар Мағауин С.Моэмді әлем әдебиетіндегі Мопассан, Чехов, Акутагавамен теңдес, ең танымал әңгімеші ретінде бағалаған.

«Ел шетінде» – әлемдік классиктің таңдама тоғыз әңгімесін қамтыған, жалпы жұрт үшін тартымды, қызғылықты кітап. Ал жас оқырман, оның ішінде жазушылық еңбекке талапкер үшін көп нәрсеге үйретер, үздік үлгі.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST