Әлем бойынша жеткізу

Қар астындағы көбелек, Тұрсын Жұртбай

3 500

«Қар астындағы көбелек» романы – өмірбаяндық желіге негізделген тағдырдың қилы оқиғаларын қамтитын күрделі шығарма. Кеңес дәуіріндегі цензураның әсерінен көптеген маңызды шығармалар сынға ұшырады. Соның салдары осы шығарманы да айналып өтпеді. Кеңес үкіметінің «молшылығы мен тоқшылығын» әшкере етіп көрсеткен бұл туынды түрлі хикаяттар арқылы замана шындығын ашады. Оқырман басты кейіпкермен бірге шындықты іздеу жолында тағдырдың қиындықтары мен қуаныштарын бастан өткереді.

«Қар астындағы көбелек» – ізденіс пен шеберліктің, өмірге деген сүйіспеншіліктің шынайы көрінісі.

SHARE

Сипаттамасы

Бұл туындыда қуанышынан қиындығы басым сан тарапты тағдыр сүрлеуін басынан кешкен Жарастың балалық, жастық шағы баяндалады. Оның маңайындағы қамқор да қаскөй жандардың әрекеттері: анасынан айырылған, үш тарапқа шашылған балапандарына шырылдап, жан ұшырған әкесінің шарасыздығы, бауырлар арасындағы сағыныш пен жылылық, Торғын мен Хасеннің баянсыз махаббаты, Кемел мен Бәтиманың адал сезімі, Бейсен, Құрымбек сынды жандардың сатқындығы, тағы да басқа заман ағымынан туындаған оқиғалар оны бірде жасытып, бірде қатайтты.

Роман-хикаят шынайылықты бағалайтын оқырмандарға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST