Әлем бойынша жеткізу

Адасқақ, Асқар Сүлейменов

1 700

«Адасқақ» повесін оқығанда қазақ қоғамының сол кездегі жағдайы еске түспей қоймайды. Орыс отаршылығы басталғалы жүз жылға таяған. Қазақ жері Ақ патшаның меншігіне айналған. Азаттық жолындағы Исатай-Махамбет, Кенесары күрестері ел есінен ескіре бастаған шақ. Яғни, қылыш ұстайтын қазақтың ерлері енді, домбыра ұстап, ұрысқа ұран шақыратын батырлары ән шырқауға көшкен кез. Елдің жаумен соғыстағы ерік-жігері жасып, ішкі дауды мақсұт етіп, жуан жілік жігіттері білек күшін дұшпанға емес, бір-біріне жұмсайтын барымта соғысына айналған алауыздық белең алып, елге пайдасыз бақталастық асқынған заман.

Зерттеушілер пайымдағандай «Адасқақтың» нақты айтпағы осы болса да, соцреализм үстемдік құрған кезеңде оны ашық айтудың жолы жабық болды. Десек те, «Адасқақта» автор бөлекше сөз зергерлігімен қазақ деген қауымның жетілген ұлт, қалыптасқан халық екенін, қазақы болмыстың қырық қатпар ғажап жан-дүниесін жақұттай жайып көрсеткен.

SHARE

Сипаттамасы

Қолдарыңыздағы кітапта жазушы Асқар Сүлейменовтің Біржан сал Қожағұлұлының өмірін арқау еткен бірегей туындысы «Адасқақ» повесі беріліп отыр. Шығармада Біржан сал өмір сүрген кезеңнің ахуалы, сазгердің Абаймен, Ақан серімен өнер, өмір, махаббат, адамдық болмыс жайлы диалогтары шебер суреттелген, сондай-ақ тарих, адам, өнер, билік ұғымдары Біржан салдың жеке басындағы қайшылықтар арқылы ашылады.

Кітап әдебиет пен өнер сүйер барша оқырман қауымға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST