Әлем бойынша жеткізу

Арпалыс, Александр Бек

4 800

Александр Бектің бұл туындысы қол астындағыларды біртұтас жауынгерлік әзірлікке біріктіруді үйренуге тура келген офицердің көзімен сұрапыл соғыс әлемін көрсетеді. Әлсіз болған солдаттарды аямау керек пе, әлде кешіре білу дұрыс па? Бұйрықтарды бұлжытпай орындау ма немесе адамдардың өмірін сақтап қалу үшін бұйрыққа бағынбай, басқаша әрекет ету ме? Жанкештілікпен соғысу, яки өмір сүру үшін жанталасу…

Ерлік пен жанқиярлықты, қысылтаяң сәтте тәуекелге бел буып шешім қабылдауды, қорқыныш пен ар-ожданның арпалысын көрсететін бұл шығарма оқырманның соғысқа деген жаңаша бір көзқарасын қалыптастырады.

Көптеген елдердің әскери ошақтарының басты нұсқаулығы болған, қаншама солдатқа рух берген бұл кітап сіздің де жүрегіңізге өзгеше от ұшқынын сыйларына сенімдіміз.

SHARE

Сипаттамасы

Бұл кітап — Екінші дүниежүзілік соғыс тудырған әдеби шығармалардың ішіндегі көлемдісі және өте көп тілдерге аударылған танымал туынды.

1942-1944 жылдары жазылған кітапта 1941 жылдың қысында Мәскеу түбінде фашистермен шайқасып, жанын қиған кеңес жауынгерлері мен генерал-майор Панфилов дивизиясының офицерлерінің ерлігі суреттелген. Кітаптағы әңгімелерді Панфилов атындағы атқыштар дивизиясы батальонының аға лейтенанты, Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы баяндаған. Соғыстағы қорқыныш пен ар-ожданның күресін ашып көрсеткен бұл шығарма, әр оқырманның жүрегіне жол тауып, көзсіз батырлыққа емес, саналы ерлікке үйретеді, шыншылдыққа, адамгершілікке толы әлемге жетелейді.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST