Әлем бойынша жеткізу

Будденброктар, Томас Манн

4 800

Будденброктар әулеті – ХІХ ғасырдағы лауазымды, дәулетті, бар құрметке лайық неміс көпестерінің бай отбасынан не күтсек, соның бәрін көз алдымызға келтіреді. Төрт ұрпақ өткен соң, ХХ ғасырдағы модернизм толқыны Будденброктар табысқа қол жеткізген буржуазиялық құндылықтарды бірте-бірте ыдыратып жібереді. Томас Манн жиырма бес жасында жазған, Нобель сыйлығын алған отбасылық эпопеясында сол кезеңде германдық тұрақтылықтың қазіргі заманғы белгісіздікке ауысуын шебер суреттейді.

Бұл – махаббат пен сатқындықтың, күрес пен қызғаныштың, құмарлық пен өшпенділіктің тарихы.

SHARE

Сипаттамасы

«Будденброктар» романы – ХІХ ғасырда өмір сүрген бақуатты неміс әулетінің тарихы. Дәнді дақыл саудасымен айналысатын ірі кәсібі бар дәулетті шаңырақтың үш ұрпағы басынан кешкен өмірлік шежіресі. Романда Будденброктардың өмір жолын сипаттай отырып, қаламгер ескі буржуазиялық тәртіптердің қалай біртіндеп жойылғанын, ал олармен бірге буржуазия өкілдерінің де моральдық және физикалық тұрғыдан құлдырағанын айқын образдармен, маңызды сюжеттермен бейнелеген.

Роман автордың өз әулетінің өткен тарихындағы өмірлік оқиғаларға негізделген. Сондықтан болар, шығарма желісі кейде өмірдің өзіндей қарапайым, кейде өмірдің өзіндей тартысты да шытырман және ең бастысы – шынайы.

Кітап барша әдебиетсүйер қауымға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST