Әлем бойынша жеткізу

Әке мен бала, Ыбырай Алтынсарин

1 600

Ыбырай Алтынсарин – қазақ тарихындағы есімі ерекше аталатын аса зор тұлға, дала қоңырауы. Ол қазақ даласына білімнің шырағын жағып, мектеп ашып, өмірге енді қадам басқан бүлдіршіндердің сауатты болуына бар күш-жігерін сарп етті. Бала оқытуға табанды түрде кіріскен ол ешқандай кедергіге қарамай, келешектің қамы үшін барынша қарманып бақты. Қазақ мектебінің бар кем-кетігін жалғыз-ақ жүріп толтыра алды. Қазақ тілінде тілі жеңіл, сауат ашуы ыңғайлы әрі тағылымы да мол әңгімелер жазып, өзге тілдерден тәржіма жасады.

Ағартушының осы бір айтулы еңбегі қаншама уақыт өтсе де, құнын жоғалтпай, мән-маңызы күннен-күнге артуда. Бұл кітап бүгінгі заман бүлдіршіндеріне де қызықты әрі пайдалы болары сөзсіз.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында мектеп ашып қана қоймай, кішкентай бүлдіршіндерге арналған шағын әңгімелер жазып, әртүрлі аудармалар жасап, оқулық та дайындады. Тілі жеңіл, ғибраты мол, ықшам келген әңгімелерінің бәрі сондай қызықты, тартымды. Әрбір әңгімесінен дала ұстазының білім шырағын жағу жолындағы ізденісі, ағартушылық рухы айқын аңғарылады.

Кітап бүлдіршіндер мен барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST