Әлем бойынша жеткізу

Әдебиет пәнінің періштесі, Мархабат Байғұт

1 900

Жазушы Мархабат Байғұттың «Әдебиет пәнінің періштесі» хикаяты өмірде орын алған әрі автордың бітім болмысымен тағдырлас туынды. Шығармада қыршындай өмірден озған әдебиет пәнінің ұстазы Баубектің ішкі әлемі, өмірінің соңғы сәттері ерекше лиризммен суреттелген.

Кітапта әдебиет пен өнердің бәсі төмендеген кезеңде ғұмыр кешкен жас ұстаздың асқақ арманы, адамдарды ерекше сүйетін бөлекше болмысы, алаштың аяулы ұстаздарының жолын ардақтаған іңкәр көңілі шынайы баяндалған. Сонымен қатар, шығармадан оқырман қай кезеңде де қоғамдық қарым-қатынаста орын алатын мейірім мен безбүйректіктің, риясыз ынта-ықылас пен енжарлықтың, кісілік пен кісәпірліктің, ақ адал жомарттық пен қайырымсыздықтың бітіспес шайқасын байқайды.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

«Әдебиет пәнінің періштесі» – жазушының ұлттық мүддені басты мақсат қылу, ұлт дүниетанымымен тыныстау тақырыптарын анық көрсете білген әңгімесі. Бұл қазақ прозасы тарихындағы ең алғашқы мәрсия жанрында жазылған туынды. Бұл Мархабат Байғұттың бар өмірін әдебиетке арнаған, жиырма сегіз жасында шейіт болған ұлы Баубек туралы шығарма.

Қаламгердің «Бір дорба диплом», «Оқу залы», «Ақ тамақ қарлығаштар», «Дауыстың түсі», «Наурызкөксайдың самалы-ай…» сынды шығармалары да ұсынылып отыр.

Кітап әдебиет әлеміне ғашық барлық оқырмандарға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST