Әлем бойынша жеткізу

Құндақтаулы адам, Антон Чехов

1 900

Әйгілі суреткердің бұл жинағына атау ретінде алынған «Құндақтаулы адам» әңгімесі әрбір затын арнайы құтыға салып, айналасын қымтап, өзі де «құндақталып» жүретін гимназия мұғалімі туралы. Тіршіліктегі құбылыс атаулының бәрінен қорқатын, басшылықтың бұйрығымен ғана өмір сүретін сол кейіпкер бір күні үйленемін деп шешеді. Ұзаққа созылған үйлену машақаты оны «құндағынан» шығарып, шырғалаң оқиғаларға ұрындырады. Бұл классикалық шығармаға 1939 жылы көркем фильм түсірілген.

Жинаққа «Өмірдің бір оқиғасы», «Қызмет бабында», «Ионыч», «Сай ішінде», «Почта» әңгімелері де еніп отыр.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

А. Чехов әңгімелері асқан шынайылығымен ерекшеленеді. Шағын проза жанрының хас шебері суреттеген сан мың образдар мен оқиғалардың ішінен өзіңізді немесе әлдебір танысыңызды кезіктіріп қалуыңыз бек мүмкін. Себебі ол образдар мен оқиғалар өмірдің өзінен алынып, сан қырлы өмір құбылыстарын айна қатесіз бейнелейді. Жинаққа А. Чеховтың әйгілі «Құндақтаулы адам» әңгімесі мен басқа да шығармалары еніп отыр.

Кітап барша әдебиетсүйер қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST