Сипаттамасы
Жазушы Ақан Нұрманов бұл шығармасында құралайды көзге атқан мерген, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің күрескері – Кейкі батырдың көркем бейнесін сомдаған. Роман аумалы-төкпелі заманның қамытын кигісі келмеген өр рухты батыр образын қайта тірілтеді. Сонымен қатар сындарлы кезеңдерді бастан кешкен ел тағдырын шебер суреттейді.
Кітап барша әдебиет сүйер қауымға арналады.

