Әлем бойынша жеткізу

Қыз Бәтіш пен Ерсейіт, Төлен Әбдік

1 900

Төлен Әбдіктің «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» хикаяты – қайғы мен үмітке толы әке жанының арпалысын баяндайды. Қожабек қарияның елге білімімен танылған жалғыз қарашығы Болат үйленер жасқа жеткенде кенеттен бұл дүниемен қош айтысуы қарт жүрегін езіп, өзегін өртеді. Ұрпағының жалғасы деп білген баласынан айырылып, еңсесін басқан өкініштен артында тұяғы барын білгенде, әке жүрегі жаңарып сала берді. Соның қамымен Алматыға аттанған Қожабек жұрт мақтаған бауыр етінің өз тәрбиесінің бұлағынан сусындамай, жырақта болғанын сонда ұқты. Үміті үзілген әкенің қабір басында ұлының адамға жасаған қиянаты мен оның обалын түсінбей кеткеніне қатты күйінеді. Адам жанының қадір-қасиетін ұғынбайтын білімнің нендей қажеті бар? Ізгілікке бастамайтын құрғақ білімнен не үміт, не қайыр?

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Кез келген ұлттың тарихы ең алдымен сол халықтың әдебиетінде көрініс табады. Қазіргі қазақ әдебиетінде рухани дамуға, мәдени өркениетке және ұлттық жан дүниемізге өз шығармаларымен елеулі үлес қосқан қаламгерлердің бірі – Төлен Әбдік. Жазушының «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» хикаяты – әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты, үлкендердің ақылы мен жастардың қателіктері, қоғамдағы моральдық-этикалық құндылықтардың мәніне үңіледі. Автордың қай туындысын алып қарасаңыз да, басты тақырып ретінде адамзаттың рухани мәселесі көтерілетінін байқайсыз, бұған жазушының осы кітапта берілген «Оралу», «Ақиқат» повестері дәлел бола алады.

Кітап барша әдебиетсүйер қауымға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST