Әлем бойынша жеткізу

Қартқожа, Жүсіпбек Аймауытов

2 100

Жүсіпбек Аймауытұлының бұл алғашқы романы жайлы Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан «Еуропа көркем әдебиет жазушыларының кітаптарындай, Пушкиннің «Онегин» кітабындай «Қартқожа» қазақ әдебиетінің тарихында зор өріс алатын кітап» деп жоғары баға береді. Және бұл романды хат танитын қазақтың барлық жастары оқу керек деген баталық пікірін де білдіреді. «Қартқожа» романында 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның 1917 жылғы ақпан революциясына ұласуы, қазақтардың ел ішіндегі әлеуметтік күрестерге араласуы, «Алаш Орданың» құрылуы мен ақ әскерлерінің большевиктерге қарсы күресі, Қазан революциясы мен азамат соғысының жеңісті оқиғалары роман сюжетіне негізгі желі болып кіреді. Шығарма қаһарманы Қартқожа да, оның елі, жұрты да осы оқиғалар тоғысында кеңінен баяндалады. Романның тілі жеңіл әрі көркем, қызықты.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Жүсіпбек Аймауытұлының 1926 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылып шыққан көркем туындысы. Бас кейіпкердің прототипі – Қартқожа Жанаңұлы Тоғанбаев. Бұл – ХХ ғасыр басындағы қазақ өмірін, оның әлеуметтік арпалыстар кезіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелеуге арналған қазақ әдебиетінің алғашқы елеулі шығармасы. Онда қазақ ауылының революция алдындағы және әлеуметтік қақтығыстар кезіндегі тіршілігі, азаттық жолындағы күрестен кейінгі жаңаша ұмтылысы шынайы суреттелген.Шығарма әдебиетсүйер барша оқырманға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST