Сипаттамасы

Тың тақырыптар мен өзгеше көркемдік құрылым арқылы проза жанрын жаңа белеске көтерген, сөз өнерінің сардары – Мұхтар Мағауин.
Осы жинаққа қаламгердің қазақ әдебиетінің алтын қорына енген, оқырманды терең ойға жетелейтін, терең тебіреніс пен нәзік сезімге толы «Қара қыз» бен «Өмір жыры» атты хикаяттары топтастырылған.
Бұл шығармаларында жазушы заман болмысы мен адам жанын шебер ұштастырып, ұлттық рух пен көркемдік үйлесімділіктің биік үлгісін көрсетеді.

