Сипаттамасы

Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» – қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл адамзаттық ой-сана тарихының жауһар-жақұты. Бұл туынды ақынның даналыққа, адамгершілікке, білімге шақырған терең толғаныстарынан құралған. Әрбір қара сөз – өмірдің мәнін, қоғам мен адамның қарым-қатынасын, адамгершілік пен даналықтың түпкі негізін ашып көрсететеді.
Абайдың ойлары тек ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамына ғана емес, бүгінгі оқырманға да рухани бағыт берер шамшырақ.

