Әлем бойынша жеткізу

Қаракөз қарындас, Жекен Жұмақанов

2 300

Бұл кітап өткен ғасырдың елуінші-алпысыншы жылдары қазақ әдебиетінің қазығын нықтап, өзгеше өрнегімен қалам тербеп, қатарластары арасынан қара үзіп, қаламдастар тарапынан жоғары бағаланған қалам иесінің шығармашылық зертханасынан хабар береді. Осынау шағын әңгімелер соны сорабымен, тақырып ауанымен, адамдар арасындағы қарама-қайшылықтарды бедерлеуімен өз бояуын анық аңғарта түседі.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Бұл кітапта Жекен Жұмақановтың адамгершілік, мейірімділік пен шынайы құндылықтар жайлы жазылған әсерлі әңгімелері жинақталған.

Ішіндегі ең танымал әңгімелердің бірі – «Қаракөз қарындас». Бөбек кезінде соғыс зардабынан бөтен елде қалған қазақ қызының тағдыры, оның өз тегін, тілін, халқын танып-білудегі ізденістері оқырман жүрегіне рух сыйлайды. Автор оқырманды ізгілік пен жанашырлық сезімдеріне бөлеп, әр адамның жүрегінде жақсылықтың орын алуы керек екенін еске салады.

Кітапта қазақи болмыс, ұлттық құндылықтар мен рухани тазалық тамаша суреттелген. Кітапсүйер барша оқырманға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST