Әлем бойынша жеткізу

Қайран шешем, Сәуірбек Бақбергенов

3 000

«Қайран шешем» – ұлттық тәрбие мен өнер құдіретінің символындай кітап. Романның және бір басты құндылығы мұнда қазақтың даңқты домбырашы әрі сазгері, халық сүйіктісі Дина Нұрпейісованың өмір жолы, өскен ортасы, өнер айдынындағы тағдыры шебер суреттеледі. Қысқаша айтқанда, қолдарыңыздағы кітап – күй анасы Дина күйшінің өмір-дастаны әрі өткен тарихымыздың деректі аманаты іспетті асыл дүние.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Сәуірбек Бақбергеновтің «Қайран шешем» романы – күй өнерінің дүлдүлі Дина Нұрпейісованың балалық, шығармашылық ғұмыр жолы арқау болған туынды. Өнер адамының өмір жолындағы тағдырлар тоғысы және дәстүр мен заманның өзара байланысы шебер суреттеледі. Тарихтың тереңінде қалған оқиғалар кейіпкерлер тағдырында жаңғырып, оқырманды ғажайып сезімге бөлейді. Жазушының көркем тілі арқылы күй күмбірін бойыңызда балқытып, дала табиғатының тынысын сезінесіз.

Шығарма ұлттық мұра мен қазіргі заманның үндестігін іздеген барша оқырманға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST