Сипаттамасы
«Қажымұрат» – әйгілі суреткер Лев Толстойдың көпшілік оқырманның ыстық ықыласына бөленіп, жоғары бағасын алған шығармаларының бірі. Тіпті жазушының ең әйгілі «Анна Каренинасынан» осы повесті биік қоятын оқырмандар да көп.
Шығарманың бас кейіпкері Қажымұрат өмірде болған, авар батыры. Кавказ жерінде әскер қатарында жүрген кезінде жазушы Қажымұрат оқиғасына қанық болады. Жазушының көзі тірісінде нүктесі қойылған бұл туынды Толстой өмірден өткен соң баспа бетін көрген. Сөз өнерінің жауһарына айналған «Қажымұрат» қай дәуірде де өзекті.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

