Сипаттамасы
Ертегі – фольклорлық сөз өнерінің ең дамыған, көркем түрі. Тыңдаушыға ғибратпен бірге эстетикалық ләззат беретін ертегілер адам баласының қиялын, мінез-құлқын, таным-талғамын тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады.
Бұл кітапта шытырман оқиғалы әрі көркем тілмен баяндалған хайуанаттар жайлы қазақ ертегілері жинақталған. Кітапқа енген ертегілер 100 томдық «Бабалар сөзі» сериясының 73-томынан алынды.
Кітап бүлдіршіндер мен барша оқырман қауымға арналады.

