Әлем бойынша жеткізу

Федосевна, Иван Бунин

1 400

Бекзада болмысты Иван Бунин Қазан төңкерісіне қарсы болып, тіпті Азамат соғысы кезінде ақтардың әскеріне өз еркімен қосылуды да ойлаған жазушы. Төртінші мүшелінен кейін Францияға көшкен. 1933 жылы Бунинге «Нобель» сыйлығы берілген. Сыйлықтың берілу себебі ретінде «Орыс классикалық прозасының дәстүрлерін дамытқан күшті көркемдігі үшін» делінген. Осылайша Бунин орыс жазушылары арасында тұңғыш рет «Нобель сыйлығының иегері» атанды.

Орыс өмірін терең түсінген, сазды жазуымен оқырманын тебіренткен жазушы Совет Одағына келуден сол күйі бас тартып, сексен үш жасында алыстағы Парижде дүние салды.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Иван Бунин – Нобель сыйлығын ең бірінші боп иемденген орыс қаламгері. Соған қарамастан оның кітаптарын Ресейде басуға ұзақ уақыт бойы тыйым салады. Орыс қоғамы мен саясатының кемшіліктерін ашық суреттеген оның шығармалары сол кезеңнің цензурасынан өтпейді.

Оның шағын әңгімелерінен тек арып-ашқан орыс қоғамының кескін-келбетін ғана емес, күллі адамзатқа тән мұң мен мұқтаждықты танисыз. Кітап атауына арқау болған «Федосевна» әңгімесі де адам жүрегінде сөніп бара жатқан мейірім туралы ойландырмай қоймайды.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST