Әлем бойынша жеткізу

Түйешінің қызы

1 900

Адам өз бақытын немен өлшейді? Қалай сезінеді? Жан дүниенің ажырамас бөлшегіндей тылсым сезімдердің қайсысы махаббат, қайсысы өткінші жауындай көңіл тебіренісі? Басқа қонған бақ құсын үркітіп алу мүмкін бе? Әлде оның өзі тағдырдың сан тарау жолдарының бірі ме? «Түйешінің қызы» оқырманын еріксіз осындай сауалдардың жетегіне алады. Шығармадағы өрімдей жастар Жарас пен Қарлығаштың тылсым сезімдері, бір-біріне деген ерекше құрметі, араларындағы үнсіз түсіністік бәрі-бәрі шынайы пәк махаббаттың сырын тани түсуге үндейді. Шығарма соңындағы автордың жан тебіренісі, алғашқы махаббатқа деген риясыз адалдыққа бергісіз өкініші шағын әңгіменің басты идеясындай ерекше әсер қалдырады.

Қолдарыңыздағы кітапқа «Түйешінің қызынан» бөлек жазушы Тұрсын Жұртбайдың әр кезеңдерде жазған бірқатар әңгімелері еніп отыр.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Тұрсын Жұртбайдың шығармашылық жолының жастық кезеңін қамтитын «Түйешінің қызы» атты бұл кітапта жазушының алғашқы қаламалды прозалық туындылары арнайы жинақталып беріліп отыр. Мұнда сәби санасына тұңғыш рет ұялаған мұң мен алғашқы махаббат, жарық дүниеге деген ынтызарлық, күйініштер пен сүйініштер бозбалалық шаққа тән бұла сезіммен табиғи суреттелген.

«Шилі өзен қамыс-ай» повесінде адам қолымен жасалған табиғи зардапқа күйінген, әділетсіздікпен күрескен жастардың тағдыры, ғашықтық сезімі, адамдардың сан тарапты қарым-қатынасы жайлы әсерлі жазылған.

Кітап жастар мен жалпы оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST