Әлем бойынша жеткізу

Троя сұрапылы және оның батырлары

2 000

Әйгілі ақын Гомердің «Илиада» дастаны б.з.б. IX–VIII ғасырларда хатқа түсірілген деседі. Ақиқаты мен аңызы астасқан Троя қырғыны туралы бұл дастанда махаббат пен өшпенділік, сенім мен қызғаныш, ерлік пен сатқындық сынды сезімдер мен қасиеттер бірде адам, бірде құдайлар кейпінде бір-бірімен алапат тартысқа түседі.

Бір қызығы Гомердің «Илиадасында» нақты тарихи оқиғалар суреттелгендігі XIX ғасырда ғана расталды. Оны дәлелдеген Трояның тарихи орнын табуды бала кезінен армандаған әуесқой археолог Генрих Шлиман болатын. Ол 1870–1873 жылдары жүргізген табанды қазба жұмыстарының нәтижесінде қазіргі Түркия жеріндегі Гиссарлық төбесінен Гомер эпостарында жырланатын көне қала Илионды (Трояның бір атауы) тауып, балалық арманын жүзеге асырды.

Миллиондаған балалардың қиялына қанат бітірген осынау әлемдік туындының прозалық нұсқасын теңдессіз теңеулерімен, аса көркем бейнелерімен қазақ тілінде сөйлеткен – жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбек.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Ежелгі грек аңыздарындағы маңызды оқиғалардың бірі – Троя соғысы. Әуелде спарталық сұлу Елена үшін басталған кескілескен соғыстың нәтижесі алпауыт Трояның күйреуімен аяқталады. Он жылдан астам уақыт бойы троялықтарды ала алмаған ахейліктердің жеңісіне батыр Одиссейдің бір ғана айласы сеп болады.

Қолыңыздағы кітапты оқи отырып, адамзат тарихындағы айтулы соғыстың аты аңызға айналған батырларының ерлігі мен тапқырлығына тәнті боласыз.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST