Әлем бойынша жеткізу

Тарпаң жорға, Эрнест Сетон-Томпсон

1 900

Эрнест Сетон-Томпсон – канадалық жазушы әрі суретші, жануарлар туралы 40-қа жуық кітаптың авторы, жабайы табиғат зерттеушісі әрі иллюстраторы. Ол сонымен қатар ділмар шешен әрі білікті оқытушы, Америка үндістерінің ым-ишара тілінің маманы, олардың саяси, мәдени және рухани құқығын қорғаушылардың бірі.

Қала тіршілігін аса ұнатпаған Э. Сетон-Томпсон өмірінің көп бөлігін орманды далаларда өткізген. Адамзат қоғамы мен хайуанаттар әлемінің текетіресін қозғаған жазушы өз кейіпкерлеріне табиғи мінез-құлық дарыта білген. Шығармаларында жануарлардың толыққанды өмірбаянын жазып, оларды адаммен тең қойған.

Қаламгердің әңгімелерін қазақи оқырманның дүниетанымына сай көркемдікпен аударған белгілі жазушы – Сарбас Ақтаев.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Белгілі қаламгер, көрнекті суретші әрі табиғат зерттеушісі Эрнест Сетон-Томпсон әлем әдебиетіне хайуанаттар тақырыбындағы жаңа реалистік бағыт алып келді. Оның қаламынан туған хикаялар табиғатты қорғауға, айнала қоршаған ортаны аялауға баулиды. Оқырманның танымын кеңейтіп, жануарлар әлемімен таныстырады. Қолыңыздағы жинақта жазушының осындай бірқатар әңгімелері топтастырылды.

Кітап жас жеткіншектер мен барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST