Әлем бойынша жеткізу

Тарих, Геродот

3 300

Осыдан жиырма бес ғасыр бұрын өмір сүрген, өзі дүниеге келгенге дейінгі оқиғаларды зерттеп, шайқас болған жерлерді аралап, көрген-білгенін, естігенін қағазға түсіріп кеткен Геродотты кейінгілер тарихтың атасы деп атаған екен. Осынау жәдігердің құнын түсінген ойшыл адамдар әр заманда-ақ Геродоттың жазғандарына жүгініп, керегінше кәделеріне жаратып отырған. Тоғыз кітаптан тұратын «Тарихқа» кейіпкер болған халықтар көп те емес, бірақ соның екі кітабында қазіргі Қазақ елінің түп атасы болып есептелетін скиф, массагет, савроматтар жайында баяндалады. Ықылымнан жеткен хабардай осы екі кітапты қазақшалауымыздың себебі де осында.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда өмір сүрген грек тарихшысы, әйгілі «Тарих» еңбегінің авторы Геродот бүкіл әлемде «тарихтың атасы» ретінде құрметтеледі. «Тарих» кітабында негізінен ежелгі Элладаның тарихы жазылғанымен, сол дәуірлердегі алыс-жақын елдердің тыныс-тіршілігі туралы мәліметтер де жинақталған. Солардың бірі — ежелгі скиф тайпалары туралы деректер. Тарихшылар ондағы оқиғалар тек Геродоттың арқасында ғана сақталып, бүгінгі күнге жеткен деген пікірде. Бұл басылымға айтулы еңбектің төл тарихымызға қатысты І және IV кітаптары еніп отыр.

Кітап бабалар тарихына қызығушылық танытқан барша оқырмандарға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST