Әлем бойынша жеткізу

Тазының өлімі, Мұхтар Мағауин

2 800

Мұхтар Мағауиннің 1969 жылы жарияға шыққан «Тазының өлімі» хикаяты жас жазушының болашақ биігін әйгілеген, ең алғашқы елеулі шығармасы болды. Әуелде идеялық тұғыры ескілікті көксеу емес пе дейтін күмәнға ілінген хикаят уақыт оза келе әдеби құбылыс ретінде бағалана бастайды. Күні бүгінгеше ағылшын, француз, испан, орыс, украин, словак және тағы бірнеше шет тілге аударылған. «Тазының өлімімен» рухани үйлес «Жүйрік» хикаяты атбегілік өнер, аламан бәйге арқылы қазақ халқының ұлттық қасиетін әйгілейді. Осы ретте жат жұрт тақырыбы – немістің ұлы ақыны Гете өмірінің соңғы кезеңі жайлы «Шипалы Арасан» – мәңгілік өнер туралы толғамалы дастан есепті. Ал «Қисық ағаш» хикаяты – тәуелсіздікке жаңа ғана қол жеткен күні кешегі кезеңнің боямасыз, шынайы суреті.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Бұл жинаққа Мұхтар Мағауиннің көпшілікке танымал, алды бірнеше шет тілге аударылған төрт хикаяты топталып отыр.

«Тазының өлімі» – қызғылықты аңшылық әңгімесі ғана емес, қарапайым ауыл адамдарының қилы тағдыры, советтер заманында ұлттық дәстүрдің шетке қағылып, аяқасты болуы туралы сырлы толғау. Осыған үндес, атбегілік салт негізінде қазақ халқының рухани қасиетін ардақтайтын «Жүйрік» хикаяты да, танымдық қана емес, әлеуметтік сипаты айқын, өзгеше туынды. Ал «Шипалы Арасан» хикаятына немістің ұлы ақыны Гете өмірінің соңғы кезеңіндегі дарқан сезім мен шығармашылық серпін өзек болған. «Қисық ағаш» хикаятында тәуелсіздік заманының алғашқы кезеңіндегі, отаршылдық зардабынан әлі арылып болмаған күрделі ахуал көрініс табады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST