Әлем бойынша жеткізу

Педагогика, Мағжан Жұмабаев

2 000

Мағжан Жұмабаевтың «Педагогикасы» – «Балам адам болсын» дейтін әр ата-ана мен ұстазға бағыт-бағдар беретін рухани шамшырақ.

Қазақ топырағында жазылған бұл төл педагогикалық оқулық төрт маңызды бағытты қамтиды: ақыл тәрбиесі, құлық тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм дене тәрбиесі. Мағжанның пайымынша, осы төртеуі қатар жүрсе ғана адам тәрбиесі кемеліне келеді. Ол тәрбиені тек білім берумен шектемей, тұлғаны жан-жақты дамыту үдерісі ретінде бағалайды.

Ұлттың ертеңі – ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Ал ұрпақты қалай дұрыс тәрбиелеуге болады? Бұл сұрақтың нақты да терең жауабын Мағжан Жұмабаев дәл осы еңбегінде ұсынады. Оқырман бұл кітаптан тек теорияны ғана емес, бүгінгі қоғам мен келешек үшін де өзекті, жүрекке жетер шындықты таба алады.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

«Педагогика» – қазақтың ұлы ақыны, көрнекті ағартушысы Мағжан Жұмабаевтың алғаш 1922 және 1923 жылдары жарық көрген, педагогика мен әдістеме ғылымдарына зор үлес қосқан еңбегі.

Бұл оқулықта ғалым ақыл, мінез-құлық, сұлулық, дене тәрбиесі сияқты тақырыптарды жеке-жеке қарастырып, педагогика ғылымын жан-жақты саралайды.

Қазақы таным аясында жатық тілмен жазылған бұл еңбек – болашақ ұрпақ тәрбиесін жоғары қойған ұстаздар мен мұғалімдерге, ата-аналар мен тәрбиешілерге, сондай-ақ жалпы жұртшылыққа арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST