Әлем бойынша жеткізу

Оң қол

1 900

Төлен Әбдіктің «Оң қол» туындысында 17 жастағы Алма есімді бойжеткеннің жұмбақ сырқаты суреттеледі. Алманың оң қолы түнде оны қылқындырып өлтіруге әрекет жасайды. Дәрігерлер түрлі емдеу тәсілдерін қолданып көрсе де, нәтижеге қол жеткізе алмайды. Алманың жағдайы күннен-күнге нашарлай берді. Қызға ғашық болып қалған дәрігер жігіт оны құтқару үшін бір шешім қабылдады. Бірақ оқиғаның түйіні күтпеген жайтпен аяқталады.

«Оң қол» – адам жанының нәзік те сырлы құпияларына бастап, біраз күрделі сауалдардың шешіміне жол сілтейді.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Өте әдемі, жас қыз Алма өмірге құштар, бірақ оның оң қолы қыз ұйқыға кеткен бетте қас жауы болып шыға келеді. Осы кеселімен ауруханаға түскен Алманы жас дәрігер жігіт құтқарғысы келіп, бір шешім қабылдайды. Жүрегінде тұтанған қызға деген ғашықтық сезімі де маза таптырмады.

«Тұлғаның екіге жарылуы», жан дертіне шалдыққан жандар мәселесі қамтылған бұл оқиға үлкен ойға жетелейді, өмірдің қымбаттығын түйсіндіреді. Жазушының басқа әңгімелері де өзіндік бояуымен әсерлі де көркем.

Кітап көпшілік оқырманға ұсынылады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST