Әлем бойынша жеткізу

Оқуға шақыру, Ахмет Байтұрсынұлы

1 900

«Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» деген мызғымас кредомен өмір сүрген Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының шығармашылығы қара өлеңнен бастап, көркем аударма, публицистика, тіл білімі мен әдебиеттанудағы іргелі ғылыми зерттеулерге дейінгі орасан зор ауқымды қамтиды. «Жастардың оқу-тәрбие ісі түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» деп, оқу-ағарту саласында атқарған істері, балаларға арналған шығармалары мен оқулықтары арысын ардақтаған Алаш баласының мәңгі асыл мұрасына айналғаны рас.

Бұл басылымда Ұлт ұстазының «Маса», «Қырық мысал» жинақтарына енген өлеңдері мен аудармалары, танымдық мақалалары беріліп отыр.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

А. Байтұрсынұлы өмірін ел мұратына арнап, саясатта, ғылымда, халық ағарту ісінде, әдебиет пен тіл майданында да күш-қайратын сарқа жұмсап, ұлт үшін өлшеусіз қызмет етті. «Қаламынан тамған бал ем болудан танбайды» деп М. Әуезов айтқандай, қай дәуірде де қасиетін жоғалтпайтын, өшпес өсиетке толы шығармалары ұрпаққа мәңгі ұлағат болары сөзсіз.

Бұл жинақта Ұлт ұстазының балаларға арналған тағылымдық өлеңдері мен аудармалары, танымдық мақалалары беріліп отыр.

Кітап мектеп жасындағы балалар мен барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST