Әлем бойынша жеткізу

Он қара домалақ, Агата Кристи

2 700

«Он қара домалақ» Агата Кристидің өзіне ең қатты ұнаған сәтті шығармасы деседі. 1939 жылы жазылған детектив әйгілі ағылшын жазушысының ең көп таралған туындысы болып тарихта қалды. Романның он шақты рет фильмі түсіріліп, әлем тарихындағы ең үздік 10 детектив шығарманың тізіміне енген.

Шығарма оқиғасы 1930 жылдардың соңында Девон жағалауларына жақын жердегі аралда өтеді. Белгісіз жаннан ең қымбат аралға қыдыруға шақыру алған өзара бейтаныс он адам «қара домалақтар» аралында қамалып, бірінен соң бірі ажал құшады. Бір қызығы, аралда олардан басқа ешкім жоқ. Сонда қылмыскер кім? Қонақтарды енді не күтіп тұр? Бәрі де жұмбақ… Ал қонақ үй асханасындағы қыштан жасалған мүсіндер де бірінен соң бірі жоғалуда.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Тылсым да шытырман оқиғалы детектив жанрының хас шебері Агата Кристидің қолыңыздағы «Он қара домалақ» кітабы өте жеңіл оқылады, сюжеті де өте қызықты.

Шығарма жырақтағы аралға бірін-бірі танымайтын еркек-әйелі аралас он адамның келуімен басталады. Аралға табан тірегендердің әрқайсысы арнайы шақыртумен келген. Бірақ не үшін шақырылғаны белгісіз. Бәрі де жұмбақ, бәрі де қызықты! Көп ұзамай аралда дауыл тұрып, әйгілі «он қара домалақ» туралы санамаққа ұқсас жұмбақ оқиғалар орын ала бастайды.

Кітап детектив жанрын сүйетін барша оқырманға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST