Әлем бойынша жеткізу

Мюнхаузеннің басынан кешкендері, Эрик Распе

1 600

Бір қызығы, барон Мюнхаузен деген адам өмірде болған. XVIII ғасырда өмір сүріп, орыс-түрік соғысына қатысқан неміс бароны.

Жас шағында әлемді көп аралап, мол тәжірибе жинаған барон қартайғанда көрген-білгенін қызықты қылып айтып, жиналған жұртшылықты күлдіретін әдет тапқан. Сол тыңдармандардың арасында немістің жас жазушысы Эрих Распе де бірнеше рет болған. Кейін ол қаржылық қиындыққа тап болғанда, қаламақы алу үшін баронның шым-шытырық оқиғаларын одан сайын көркемдеп, журналға бастырған. Мінекей, сол күннен бастап, көзі тірі Мюнхаузеннен бөлек әдеби кейіпкер Мюнхаузен пайда болған. Оқырман қауымға ұнағаны сонша – әлі күнге дейін бұл шығарма әлем тілдеріне аударылып басылып келеді, бірнеше мультфильм, көркем фильм, сериал түсірілген. Мюнхаузеннің есімі мәдени кеңістікте өзінше бөлек ұғымға айналған.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Ұшқыр ойлы барон Мюнхаузеннің бастан кешкен қызықты оқиғалары күллі әлемге әйгілі. Фантастикалық, әрі сатиралық шағын әңгімелер кішкентай бүлдіршіндердің ойын ұштап, қиялына қанат бітіреді.

Таңғажайып оқиғаларға құрылған бұл хикаялар балаларға ұғынықты, жеңіл тілмен аударылып беріліп отыр.

Кітап кішкентай бүлдіршіндерге арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST