Сипаттамасы
«Мартин Иден» – Джек Лондонның ең әйгілі романы. Бұл автобиографиялық романда ауқатты отбасынан шыққан білімді қызға сезімі оянған жас жігіттің әйгілі жазушы болу жолы суреттеледі. Бас кейіпкердің сүйгені кеудесінен итеріп, талай қиындыққа кезіксе де, мойымай, табанды еңбекпен діттегеніне ұмтыла беруі оқырманды қанаттандырмай қоймайды. Бірақ бәрі уысына түскенде, мына әлемнен баз кешіп кетуі есеңгіретіп жіберуі де мүмкін.Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

