Әлем бойынша жеткізу

Көшім бала

1 900

Қазақ өнерінің жауһары, әйгілі Жәнібек Кәрменов күміс көмей, жез таңдай әнші ғана емес, шешен әрі қаламы жүйрік жазушы да болатын.

«Жазушылығы негізсіз емес. Сол ауылдың Шәкәрім атамызды көрген, Мұхтар ағамызбен үзеңгі қағыстырған қарттарының сөзіне зейін қойып өсіпті. Абай елі ежелден ән мен жырдың бесігіндей қасиетті өлке. Соның бір бетке шыққан қаймағы да…» деп еске алады жары Тоты апамыз.

Жәнібек Кәрменовтің бұл кітапта берілген әңгімелері мазмұны, тіл шеберлігі, көркемдігі жағынан жоғары деңгейде.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Жәнібек Кәрменовтің әңгімелерінде қазақтың ұлттық бітім-болмысы көркем бейне, кестелі тілмен нанымды суреттеледі. «Көшім бала» Мәди, Үкілі Ыбырай, Әсет сынды атақты әншілердің көзін көріп, батасын алған, әнші Жүсіпбек Елебековтің балалық шағы туралы жазылған туынды. «Әке көңілі» ата-ананың қадірін білуге үйретсе, «Ақылбайдың әні» жастық шақтың оралмас сағынышымен табыстырады. «Ешкім білмейтін күй», «Түйеші» әңгімелерінің де ұлттық руханияттың қайнар бұлағынан сусындағысы келген қалың оқырманға берері мол.

Кітап барша оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST