Әлем бойынша жеткізу

Кәлилә мен Димнә

2 900

«Кәлилә мен Димнә» — бұл екі ақылды шибөрі арасындағы диалогтар арқылы берілетін, даналық пен тағылымға толы әңгімелер жинағы. Әрбір мысал өмірлік маңызды мораль мен сабақ ұсынады. Сонымен қатар достық, адалдық, айлакерлік, даналық және әділеттілік сияқты тақырыптарды да қамтиды. Бұл ежелгі мұра күні бүгінге дейін әлем оқырмандарын баяндау ерекшелігімен, ой тереңдігімен шабыттандыруда. Туынды патшаларға, жоғары шенді билік өкілдеріне саяси сабақ қызметін атқаратын және қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтармен қалай қарым-қатынас жасау керек екені баяндалатын ғибратты әңгімелер мен мысалдардан тұрады. Кітапта философия мен әдебиет үйлесімді түрде біріктіріліп, интеллектуалдық қана емес, рухани байытуды да қамтамасыз етеді.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

«Кәлилә мен Димнә» – бұл ежелгі үнді жазбаларынан бастау алатын, Шығыс елдерінде кеңінен танымал болған мысалдар жинағы. Алғашқыда санскрит тілінде «Панчатантра» атауымен жазылған бұл туынды көптеген көптеген тілдерге аударылып, әртүрлі мәдениеттерде бейімделген. Кітаптың негізгі мазмұны екі шибөрі – Кәлилә мен Димнәнің диалогтары арқылы жеткізіледі, олар өмірдің әртүрлі жағдайларын мысалдар мен әңгімелер арқылы талқылайды.

Бұл кітап барлық оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST