Сипаттамасы
«Кішкентай шахзада» ертегісінде автордың арманшыл әлемі суреттеледі. Боямасыз шындық айтылған ертегі бүгінде әлемнің 180-нен астам тіліне аударылған. Әрбір ересек адамға өзінің бала болғанын ескертетін шығарма десек болады.
Ұшқыш, әрі жазушы Антуан де Сент-Экзюпери өзінің балалық шақтағы естеліктерін ұмытқан емес. Сол себепті де ол бүгінде миллиондар сүйіп оқитын ертегіні өмірге алып келді. Автордың өмір жолымен танысқаннан кейін, әлемдік әдебиеттің жауһары «Кішкентай шахзада» ертегісін жазу тек Антуан де Сент-Экзюперидің ғана қолынан келетініне көз жеткіземіз.
Кітап балалар мен үлкендерге арналады.

