Әлем бойынша жеткізу

Интернаттың баласы

1 900

 

«Интернаттың баласы» – заман келбетін танытатын, шынайы өмірді әртүрлі жанрмен сипаттайтын ғажап туынды. Қазақтың құты мен киесі болған, ұлттың ұлы рухының мекені болған ауыл өмірі де бұл шығармада қалыс қалмаған. Ал жасөспірім балалардың өмірде қалыптасып дамуы, жолдағы қиындықтарға төтеп бере білуі шығарманың басты өзегі. Бұл повесть балаларға адамгершілік тәрбие мен өмірдің әртүрлі тұсында бағыт-бағдар беруде маңызды рөл атқарады.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Мархабат Байғұттың туындылары өзгелерге ұқсамайды, кейіпкерлерінің бейнесі де өз кезеңінің тағдырын еш бұқпасыз баяндайды. Соның бірі – қолыңыздағы «Интернаттың баласы».

Нағашысының үйінде екі жыл тұрып, мектепте оқыған Ноқтабайдың жағдайы дұрыс болмады, ақыры анасы мен әпкесі интернатқа орналастырады. Жетінші сыныпқа келген жасөспірімге интернат өмірі таңсық, бәрі бөтен. Оның бойындағы намыс, батылдық барлық кедергіден өтуге мүмкіндік бере алды ма? Ноқтабайдың және оның әпкесінің, достарының 1960 жылдардағы қиын да қызықты тағдыры өте шынайы жазылғаны сондай, кітапты бір демде оқып шығасыз.

Кітап балалар мен ересек оқырмандарға ұсынылады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST