Әлем бойынша жеткізу

Иманжүсіп, Зейтін Ақышев

3 900

Жазушы Зейтін Ақышев «Иманжүсіп» романын 1982 жылы баспаға ұсынған. Алайда цензура романға бұл атты жөн көрмей, ұлттық сананы оятуға күш салатын туындының мазмұнына да шүйлігіп, жарыққа шығармай 5 жыл ұстап, барынша қысқартып 1987 жылы «Шынардың шыбығы» деген атпен шығарған. 2000 жылдары жазушы ұрпақтары романның толық нұсқасын «Иманжүсіп» атауымен қайта шығарды. Қолдарыңызда романның осы нұсқасы берілген. Романда қазақ даласының дәстүр-жоралғысы, бекзат мәдениеті, батыр әрі сазгер, сері даңқты Иманжүсіп Құтпанулының өскен ортасы, Балуан Шолақ, Қажымұқан, Паң Нұрмағамбет сынды тұлғалармен қатынасы, орыстың озбыр саясатына қарсы күресі, т.б. тарихи деректер шебер сомдалған.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Әділет пен теңдікті жақтаған Иманжүсіптің бүкіл өмірі айдау мен қудалауда өткен. Әні күллі қазақ даласын тербеген өнері ерек жанның басына тағдыр тауқыметті ерте салады. Өмірі де, өнері де бір төбе осындай тұлға жайлы қиын заманда қаламгер Зейтін Ақышев кесек роман жазып, халық назарына ұсынған. Бірақ шыққан сәтінде бұл кітап көп қуғын көріп, тәуелсіздік тұсында ғана елге етене тарала бастайды.

Тарих пен тағылымға толы кітаптың оқырманға берері мол.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST