Әлем бойынша жеткізу

Жұмбақ жан, Тәкен Әлімқұлов

2 300

«Абай – ұрпақ атаулыны ұзақ сынайтын адам», – дейді «Жұмбақ жан» авторы Тәкен Әлімқұлов.

Суреткер әрі зерттеуші қаламынан туған бұл еңбек – Абай болмысына бойлаудың бірден-бір озық нұсқасы. Советтік цензура тұсында жарияға шықса да, Хәкімнің кестелі сөздері бұл кітапта кешенді, дегдар талдауға түскенін ойлы оқырман бірден сезеді. Кітаптың баяндау стилі де бөлекше. Кенеттен дана Абай жақын сырласыңа айналғандай күй кешесіз…

«…Туған табиғат құлпырса, шалқыса, түнерсе, біз Абайды еске аламыз. Көңіл шіркін құйқылжып, шабытқа талпынса, сұлулықты көкей көксеп, жүрек сезінсе, ойымызға Абай оралады. Әлденеден қиянат кезігіп, күдер үзілсе, үміт торығып, көңіл қамырықса, қасымызда үһілеген Абай тұрғандай болады…».

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Бұл кітап – жұртшылыққа танымал жазушы Тәкен Әлімқұловтың көп жылдық ізденісі мен жинақтаған еңбегінің нәтижесі. Автор қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының өмірі мен рухани әлемін терең зерделей отырып, тарихи деректер мен көркем қиялды шебер ұштастырады. Шығармада Абай тұлғасы тек ақын ретінде ғана емес, заманының күрделі мәселелеріне ой жүгірткен кемел ой иесі ретінде бейнеленеді.

Тілі көркем, баяндауы әсерлі бұл еңбек оқырманды Абай әлеміне жетелеп, оның болмысын жаңа қырынан таниды. Кітап деректі хикая жанрында жазылып, оқырманға танымдық әрі көркемдік тұрғыдан құнды дүние ұсынады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST