Әлем бойынша жеткізу

Жусан иісі, Сайын Мұратбеков

1 900

«Жусан иісіндегі» бас кейіпкер Аянның қиялында шек жоқ. Қиял қанатына мінген жан қандай бақытты?! Кез келген адамның, әсіресе балалардың дамуында, арман мен қиялдың орны ерекше. Таңғажайып қиялдарға беріліп, небір оқиғаларды ойдан шығаратын Аян айналасына әрдайым ізгілік нұрын шашып жүреді. Қолдарыңыздағы кітапта балалар шығармасының классигі Сайын Мұратбековтің бір топ әңгімелері мен әйгілі «Жусан иісі» хикаяты берілген.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Қолыңыздағы кітапта «сайын даланың Сайыны» атанған жазушының қазақ әдебиетінің көркемдік көкжиегін кеңейткен «Жусан иісі» повесі мен бірқатар әңгімелері беріліп отыр. «Жусан иісі» повесінде әкесі соғысқа кеткен, анасы жоқ, жалғыз әжесі қайтыс болып, соғыстан «ағасын» күткен Аян есімді жеткіншек баланың тағдыры баяндалады. Шығармада соғыс зардабын шеккен халықтың тұрмысы мен қазақ ауылының, замандастарының тыныс-тіршілігі шынайы сомдалған. Ал кітапқа енген басқа да әңгімелерінде адам табиғатының мың сан қатпарлары шынайы суреттелген.

Кітап балалар мен барша әдебиетсүйер қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST