Сипаттамасы
Марат Қабанбайдың шұрайлы шығармаларының дені балалар мен жасөспірімдерге арналған. Тегінде, балалар әдебиетіне қойылар талап өте жоғары. Ал Марат Қабанбай сол талаптың үдесінен шыға білген қаламгер. Оның туындыларынан автордың да бала секілді қуанып, бала секілді шаттанатыны, өмірге баланың көзімен қарайтыны сезіліп тұрады.
Қолыңыздағы жинақта берілген автордың бірқатар әңгімелері бал балалық шақтың ғажайып сәттерін өзінің шынайылығымен сөзсіз есіңізге түсіреді.
Кітап балалар мен жасөспірімдерге арналған.

