Әлем бойынша жеткізу

Жетінші кластағы жойқын махаббат, Молдахмет Қаназ

1 700

Алғашқы махаббаты есіне түссе лүп-лүп етпейтін жүрек жоқ шығар. Ендеше бұл кітап сол жүректерге арналады. М. Қаназдың «Жетінші кластағы жойқын махаббат» хикаятында жетінші сыныбын жаңа мектепте бастаған Ботажанның жойқын сезімді алғаш бастан кешуі, интернаттағы қызықты оқиғалары әңгімеленеді.

Балалар жайлы «бала болып ойнап, бала болып ойлап» жазатын қаламгер «Арғы ауыл мен бергі ауылдың балалары» атты хикаятында да бала жанының жауһар сырларын, сәби болмыстың риясыз әрекеттерін кестелі тілмен шынайы баяндайды.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Қолыңыздағы кітапқа балалардың тәтті қиялы мен бейкүнә қылықтарын кіршіксіз қалпында қағазға түсіре білген жазушы М.Қаназдың жасөспірім шақтың қызығы мен шыжығын баяндайтын повестері еніп отыр.

«Жетінші кластағы жойқын махаббат» атты шығармасында алқаулы сезімге алғаш бөленген өспірім жастың жүрегін лүпілдеткен сезім күйлері мен ақ арманына жасаған сәтті де сәтсіз қадамдары тәтті естелік түрінде баяндалады. Ал «Арғы ауыл мен бергі ауылдың балалары» повесінде қазақ ауылдарының ХХ ғасырдың 40-50-жылдарындағы тұрмысы, ондағы балалардың дүниетанымы мен өзара қарым-қатынастары, біресе татуласып, біресе қақтығысып жүретін ауыл жеткіншектерінің бейнелері шынайы суреттелген.

Кітап жасөспірімдер мен барша оқырмандарға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST