Әлем бойынша жеткізу

Жергілікті дәрігер, Оноре де Бальзак

2 800

Қай шығармасында да дәуірінің бүкіл түйткілін қамти жазатын О. Бальзактың «Жергілікті дәрігер» романында ірі қаланың тынымсыз тіршілігі мен тыйымсыз ойын-сауығын тәрк етіп, шалғайдағы ауылға аттанған жас дәрігердің қара халыққа қызмет көрсету жолындағы іс-әрекеттері баяндалады. Бір ауылдың өмірін суреттей отырып, адам бойындағы кертартпа қасиеттерді жеңу, қоғамды енжарлық пен үмітсіздік кеселдерінен айықтыру мәселелерін қозғайды.

Жазушы бұл шығармасын 1832–1833 жылдары жазып бітірген соң, жеке үзінділерін әртүрлі мерзімді басылымдарда жариялай отырып, алты жыл бойы өңдеп, жетілдіріп шығарған. Ұлы реалист қаламгердің осылайша ерекше мән берген шығармасын қазақ тіліне аударған публицист-жазушы, филология ғылымдарының докторы – Жұмағали Ысмағұлов.

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Бальзак аз ғана ғұмырында 98 кітап жазған. Әрбір кітабы өзі өмір сүрген қоғамның шындығын ашып, халықтың жағдайынан хабар береді. Қолыңыздағы кітаптың да саяси-әлеуметтік мәні зор. Шығарма қаланың сән-салтанат пен ойын-сауыққа толы өмірінен күндердің күнінде елеусіз қалған түкпірдегі бір өңірге тап келген жас дәрігердің өмірін баяндайды.

Кітап барша әдебиетсүйер қауымға арналады.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST