Сипаттамасы

Бердібек Соқпақбаевтың есімі қазақ әдебиетінде тек балалар жазушысы ретінде ғана емес, спорт тақырыбында жазған алғашқы қаламгердің бірі ретінде де сақталды. Оның үлкенді де, кішіні де елітіп әкетер «Жекпе-жек» повесіндегі қарапайым ғана оқиғалар оқырмандарға үлкен ой тастайды. Шығарманың басты кейіпкері – әлжуаз ауыл баласы Мұраттың асқан табандылықпен жаттығып, қажырлы еңбегінің арқасында чемпионға айналуы талай бүлдіршінге үлгі болады.
Кітап балалар мен ересектерге арналған.

