Әлем бойынша жеткізу

Жармақ, Мұхтар Мағауин

3 500

Елің мен жұртың, досың мен дұшпаның, билік һәм байлық, ар мен иманың… Бұлардың қайсыбірі де айтуға жеңіл болғанымен, танымға ауыр өлмес ұғымдар. Көбіміз үшін танымға да жеңіл шығар. Қайткенмен үйреншікті сөздер ғой. Тереңіне бойлап, санаға салмақ салып қайтеміз… Ал сәті түсіп бетпе-бет келіп жатсақ жөні бөлек. Ал ондай жекпе-жекке бес қаруымыз сай ма? Дайындығымыз нешік?..

Бағымызға орай хас шебер Мұхтар Мағауин таңбалап кеткен «Жармақ» романы әлгіндей жекпе-жекте абдырап қалған әрбірімізге көмекке келеді екен. Қару дейсіз бе, қалқан дейсіз бе – қалауыңыз білсін. Бастысы – жанға қуат, дертке дауа!

Иә, рухани аламанда қапы қалмай, қайыр, есен-сау тұрыңыз, ойлы оқырман! Автордың баянымен айтсақ: Иманнан айырылмасаңыз, барлық Мұрат орнына келері күмәнсіз!

БӨЛІСУ

Сипаттамасы

Классик қаламгер Мұхтар Мағауиннің ХХІ ғасыр басында таңбаға түсірген «Жармақ» романы кесек дүние. Роман адам болмысының екіге жарылуы, ар, арсыздық, рух пен сенім сергелдеңі сынды әлмисақтан келе жатқан сауалдарды жаңашыл пайымпен суреттейді.

Романның бас кейіпкері – тарихшы Мұрат Қазыбеков: бір түнде жарық өшкен сәтте ол түсініксіз түрде басқа кеңістікке өтіп, үлкен салтанат үстінен шығады. Сол жерде ол өзіне айна қатесіз ұқсайтын, бірақ бай да ықпалды бизнесмен Марат Қазыбековпен кезігеді, яғни екі «Меннің» қатар өмір сүргенін көреді. Мұрат бұрын жоғалтқан сүйіктісі Балжанның дәл сол әлемде Мараттың жары екенін танып, өткен өмірі мен бүгінгі тағдырының айырмасын түсінеді.

Туынды әдебиетсүйер, барша ойлы оқырманға арналған.

СЕБЕТ 0
Added to wishlist! VIEW WISHLIST